Талибан Ауғанстанда банк бөлімшесіне шабуылдады

Талибанның банкқа жасаған шабуылында 7 адам қаза тапты, 7 адам жараланды.

151310
Талибан Ауғанстанда банк бөлімшесіне шабуылдады

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Хелманд қаласында банк бөлімшесіне жасалған шабуылдың артынан содырлар мен қауіпсіздік күштері арасында шыққан қақтығыс аяқталды.
Хелманд губернаторлығы мәлімдемешісі Өмер Звак Лашкергах қаласындағы банк бөлімшесіне талибан тарапынан жасалған шабуылдың тоқтатылғанын, оқиғада 7 адамның қаза тапқанын, 7 адамның да жараланғанын айтты.
Қақтығыстың шамамен 3 сағатқа жалғасқанын атап айтқан мәлімдемеші қарулы шабуылшылардың 5 кісі екенін және бәрінің үстіне бомба орналастырылғанын содырлардан бірінің үстіндегі бомбаны банктің кірісінде жарғанын атап айтты.
Шабуыл кезінде банктағы 22 қызметкер мен бірнеше тұтынушы бар екенін айтқан Звак «шабуылшылар банк қызметкерлері мен тұтынушыларын кепілдікке алған болатын. Ауған әскери күштері барлық адамдарды құтқарды» деді.
Талибан содырлары 2011 жылы да елдің шығысындағы Нангархар қаласында «Neway Kabul Bank» атты аталмыш банктің бөлімшесіне шабуылдап, ондаған адамды өлтірген болатын. Ауған қауіпсіздік күштерінің айлықтары да осы банктен төленеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар