100 мың сириялық дамыған елдерге жіберіледі

Батыс елдері қабылдайтын босқын саны Түркияға үш күнде кірген босқын санына да жетпейді.

142987
100 мың сириялық дамыған елдерге жіберіледі


БҰҰ дамыған елдердің Түркия және басқа да көрші елдердің босқын жүгін жеңілдету мақсатты шамамен 100 мың Сириялықты елдеріне қабылдайтындарын айтып уәде бергендерін білдірді.

БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінде Түркия және басқа да көрші елдердегі сириялық азаматтардың басқа елдерге көшірілуі және қайтадан орналастырылуы жөнінде өткен конференцияға шамамен 40 елден өкіл қатысты. Конференцияға қатысушылар елдеріне қабылданатын сириялық азаматтардың саны жөнінде өз уәделерін берді.


Конференциядан бұрын БҰҰ дамыған елдерді 2016 жылға дейін 130 мың сириялық азаматты қабылдауға шақырған болатын.


Қазір ең көп сириялық босқын қабылдаған Еуропа елдері – Швеция мен Германия.


Америка Құрама Штаттары да 9 мың сириялық азаматты паналатуға дайын екенін білдірді.


Конференцияның аяғында өткен баспасөз мәслихатында БҰҰ Жоғары комиссары Антонио Гуттереш «Түркиядағы лагерьлерге тамсанамын. Түркиядағы лагерьлер БҰҰ лагерьлерінен де жақсы» деді.


Дамыған елдер екі жыл бойы қабылдайтын барлық сириялық азамат саны Түркияға үш күнде кірген шамамен 200 мың босқынның жартысына тең.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар