Мысырда Мүбаректің сот шешіміне халық наразылық көрсетті

Мүбаректі еркін жіберу шешімінің артынан халық ереуілге шықты.

209754
Мысырда Мүбаректің сот шешіміне халық наразылық көрсетті

Мысырдың төңкерілген елбасы Хүснү Мүбарек жайлы еркін жіберу шешіміне халық наразылық білдірді.
Кеше үш бөлек сот процесінде өзі жайлы айыптаулардан ақталып, еркін жіберуге шешім қабылдануы елдің ызасын туғызды.
Шешімге наразылық көрсеткен мысырлықтар ереуілге шықты.
Ереуілшілер полиция барлық кірісін жапқан Тахрир алаңына кіруге тырысты.
2011 жылғы төңкерістің символына айналған алаңда шерушілерге қарсылық берген полиция көз жасаурататын газ және қысымды су картридж қолданғаны білдірілді.
Ереуілде Мысыр президент Абдулфеттах әл-Сиси және Мүбарекке қарсы ұрандар тасталды.
Александрияда да көптеген ереуілші Мүбаректің еркін жіберілуі шешіміне наразылығын атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар