Иран BBC-ді тыңшылықпен айыптайды

Иран Төңкеріс сарбаздары қолбасшысы генерал Рамазан Шериф мәлімдеме жасады.

210009
Иран BBC-ді тыңшылықпен айыптайды

Иран Төңкеріс сарбаздары қолбасшысы Генерал Рамазан Шериф ағылшын телеканалы BBC-дің Иранға қарсы жұмыстанғанын алға тартты.
Иран Төңкеріс сарбаздары жасаған мәлімдемеге қарағанда Бушехрдегі бір жиналыста сөз алған Шериф «BBC, Иранға қарсы құпия ақпараттық жұмыстар жүргізеді» деді.
Шериф «BBC жүргізген құпия ақпараттық жұмыстар» жайлы мағлұмат бермеді.
Иран BBC-ге қарсы мұның алдында да айыптаулар жасаған және 2011 қыркүйекте Иран Барлау министрлігі «BBC-ге құпия ақпарат бөліскен кейбір кісілердің тергеуге алынғанын» жариялаған болатын.
Иран қыркүйек айында да BBC-ді «Ирандағы тыңшылары арқылы елдің архиві бар ғимараттан тарихи және мәдени архив құжаттарын ұрлауға әрекет жасаумен айыптаған» болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар