Еуроодаққа «Палестинаны тану» үшін қысымдар артуда

Еуроодақ дайындаған "құпия" ерекшелікке ие бір құжат Израиль баспасөзіне тарады.

199328
Еуроодаққа «Палестинаны тану» үшін қысымдар артуда

Еуроодақтың ұстанымын өзгертілуі үшін қысымдар артты.

Еуроодақ мемлекеттері Палестинаның танылуы жөнінде одан да батылдық таныту негізінде, Израильдің соңғы Газа шабуылдарының Еуропа бойынша жүз мыңдаған адам қатысқан шерулермен протест етілуінің үлкен ролі бар екені болжалады.
Швецияның тұңғыш Еуроодақ мүшесі ретінде Палестинаның тәуелсіздігін танитыны жөніндегі мәлімдемесінің артынан Ұлыбритания мен Ирландия парламенттерінің шешімдері және Испания Мәжілісінің шешімі Еуроодақ үстінде Израильге бағытталған қысымдар мен Палестинаның танылуы жөніндегі қысымдардың да артуына себеп болды.
Еуропа Комиссиясының Израиль әкімшілігіне бейбіт кезеңде «қиын шешімдер қабылдауға» итермелеу үшін дипломатиялық саяси және экономикалық санкцияларды да қамтыған бір жұмыс бастауы Израиль баспасөзіне тарады.
Мүше мемлекеттер үлес қосып дайындалған құжатта Еуроодақтың Израильге қарсы шешімдерінің қатаңдануы, Израиль өкілетті елшіліктерінің бірінен соң бірі министрліктерге шақырылуы, Тель-Авивтен өкілетті елшілерін бірдей уақытта кері шақыруы, министрлер немесе мемлекет басшылары деңгейінде Израильге ескерту хаттары жіберуі және Еуроодақ мүшелерінің БҰҰ Адам құқықтары кеңесінде Израильмен байланысты ұстанымын өзгертуі сияқты дипломатиялық шараларға қоса Израиль қолданған Еуроодақ фондтарының және ортақ жобаларының қайта бағаландырылуы, Еуроодақ – израиль ынтымақтастығын шектелуі мен Палестина жеріндегі Израиль тұрғындарымен және осындағы экономикалық жұмыстармен байланысты азаматтарға жасалған ұсыныстардың күшейтілуі секілді экономикалық және саяси санкциялардың бағаландырылатыны атап көрсетіледі.
Израиль баспасөзіне тараған құжаттың «құпия» деп көрсетілген бөлімінде болса Израиль қоныстануларында жұмыс істейтін Еуроодақ фирмаларына санкциялар жасау, тұрғындардың және шешімге қарсы шыққан израильдік саясатшылармен байланысты үзу және қақтығыстарға себеп болған тұрғындардың Еуроодаққа кіруіне тыйым салынуы сияқты одан ауыр санкциялардың бағаландырылуы талап етіледі.
Құжатта сондай-ақ Еуроодақтың Палестина мемлекетін күшейтетін шаралар аясында хаттамалар дайындала алатыны және Палестинаның танылуының және халықаралық мекемелерге мүшелігіне қолдау берілетіні атап көрсетіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар