Босния-Герцоговинада жаңа кезең

Үштік мемлекет басшылығы кеңесі мүшелігіне сайланған үш басшы ант ішіп, міндетін бастады.

193799
Босния-Герцоговинада жаңа кезең

12 қазан күнгі сайлауда Босния –Герцоговина үштік мемлекет басшылығы кеңесі мүшелігіне сайланған үш басшы ант ішіп, міндетін бастады.


Боснияда төрт жылдығына Үштік басшылық кеңесі мүшелегіне сайланған Бакир Иззетбегович, Драган Чович және Младен Иванич міндеттерін бастады.


Кеңес басшылығы міндеті де босняк мүше Бакир Иззетбеговичтен серб мүше Младин Иваничке тапсырылды.


Иванич жаңа кезеңді келісімге бағытталған жаңа саясаттармен бастайтындарын білдірді.


Жас тұрғындардың елден кете бастағанын білдірген Иванич мұның Босния үшін ауыр шығын екенін айтты.


8 айдан кейін басшылық міндетін Иваничтен қабылдап алатын хорват мүше Драган Чович те Боснияның Еуроодақ және НАТО-ға мүше болуының басты басымдылық екенін атап көрсетті.


Кеңестің босняк мүшесі Иззетбегович те Боснияның енді қақтығыс және таласпен өткізетін уақыты қалмағанын айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар