Пәкістанда зымыран сынағын жасады

Пәкістан армиясы 900 шақырым қашықтыққа ататын баллистикалық зымыран сынағын жасады.

192576
Пәкістанда зымыран сынағын жасады

«Шахин 1А» деп аталған орта қашықтыққа ататын баллистикалық зымыран Араб теңізіндегі нысанасын дәлдеді. Сынақ табысты түрде аяқталды.
Ұйымдастырылған рәсімде сөз сөйлеген Пәкістан Теңіз күштері қолбасшысы адмирал Мұхаммед Зекауллах зымыранды дамытқан ғалымдарға алғыс атты.
Пәкістан президенті Мемнун Хүсейін және бас министр Наваз Шериф те зымыран сынағының табысты өткізілгеніне орай ғалымдар мен инженерлерге рахмет айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар