Еуроодақ Сыртқы істер министрлері Брюссельде бас қосады

Еуроодақ Сыртқы істер министрлері тағы бір рет Украина күн тәртібімен жиналады.

193217
Еуроодақ Сыртқы істер министрлері Брюссельде бас қосады

Украинаның шығысында артып отырған қауіпсіздік дағдарысы себепті жаңа санкциялар қабылданып, қабылданбайтыны қазірше белгісіз.


Жаңа комиссияға Еуроодақ Сыртқы қатынастар Жоғары өкілі ретінде тағайындалған Федерика Могерини алғаш рет осы жиналысқа басшылық жасайды.
Жиналыстың негізгі тақырыбын Украинада тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету құрайды.
Украина Сыртқы істер министрі Павлов Климкин осы жиналыс себепті Брюссельге барды.
Могерини және Климкиннің азаматтық қауіпсіздік реформасы тақырыбындағы бір келісім-шартты бекітуі күтіледі.
Дегенмен Одақтың Мәскеуге бағытталған инвестициялардың ауқымын шектеп шектемейтіні белгісіз.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар