Израильдік министр Израильді сынға алды

Израиль Қорғаныс министрі кейбір депутаттардың Әл-Акса мешітіне кіруіне наразылық көрсетті.

186250
Израильдік министр Израильді сынға алды

Израиль Қорғаныс министрі Моше Йаалон Кнессеттегі кейбір депутаттардың Әл-Акса мешітіне кіруіне наразылық көрсетті.

Йаалон 10-шы телеканалға берген сұхбатында Иерусалимде болып жатқан дағдарысқа Палестина Елбасы Махмуд Аббас және Хамас қозғалысы жауапты.
«Әл-Акса мешітіндегі кейбір оқиғалардың басталуына негіз болған осы зиярат екені шындығына үнсіз қарауымыз мүмкін емес» деген Йаалон «Мүсін тауына (Әл-Акса мешіті) зиярат жасау біздің хақымыз дегенмен Йорданиямен жасаған келісіміміз бойынша сол жердегі кейбір нәзік тұстар бар және біз осыларды қорғауға мәжбүрміз» деді.
Елбасы Махмуд Аббас болса Иерусалим қаласындағы дағдарыстың жауаптысы Израиль мемлекеті мен үкіметі ұстанған саясат екенін алға тартты.
Палестина ресми хабар агенттігі WAFA-ның хабарына қарағанда Аббас ЕО Сыртқы қатынастар және қауіпсіздік саясаттарына жауапты Жоғары өкіл Федерика Могериниді қабылдауында Израильдің қалада жүргізген саясаты мен еврей тұрғындардың Әл-Акса мешітіне басқын ұйымдастыруына рұқсат етуінің атмосфераны одан да бұзғанын атап айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар