ISIS басшысы Әбубәкір Әл-Бағдадидің керуені бомбаланды

Коалиция күштері 10 жүк көлігінен тұратын керуенді нысанаға алды.

186237
ISIS басшысы Әбубәкір Әл-Бағдадидің керуені бомбаланды

Сирия мен Иракта әрі жергілікті күштер, әрі Америка Құрама Штаттары басшылығындағы коалиция күштері ISIS-ке қарсы күресін жалғастыруда.


Колалиция күштері Мосул маңында араларында ұйымның басшыларыда бар 10 жүк көлігінен тұратын бір керуенді нысанаға алды.
Ұйымның басшысы Әбубәкір Әл-Бағдадидің де бомбаланған керуенде екені атап көрсетілді.
Кобаниде күрд топтармен қақтығысын жалғастырған ISIS, Иракта жанкешті жасақтары және бомба орналастырылған көліктермен көшелерді қан көліне айналдырды.
Бағдат, Бейжи және Рамади қалаларындағы жарылыстарда 8 полиция және 5 әскерге қоса ондаған жазықсыз адам қаза тапты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар