Бағдатта тыныштық жоқ

Ирактағы шабуылдарда 9 адам қаза тапты. 32 адам жараланды.

180112
Бағдатта тыныштық жоқ

Ашура мерекесінде бомбалы шабуыл жасалды.


Ирак астанасы Бағдат қаласында кеше кеште ұйымдастырылған шабуылдарда 9 адам қаза тапты. 32 адам жараланды.
Шииттердің Әзіреті Құсайын мен 72 шәйіт жолдасын еске алу мақсатымен «Ашура мерәсімдерін» ұйымдастырған Казимие аймағындағы Әділет полиция орталығына атылған зеңбірек оғынан бір полиция қаза тапты, 7 полиция жараланды.
Казимиедегі шабуылдармен бір уақытта Бағдаттың Ел-Гриат, Сулейх полиция орталығы және Тунис ауданында да бомбалы шабуылдар жасалды. Шабуылдарда 8 адам мерт болды, 25 адам да жараланды.
Бомбалы шабуылдарды әлі ешкім қабылдамады.
Бір мезгілден бері қақтығыстар мен билікте бостық болып отырған Иракта ISIS-басшылығындағы қарулы топтар мен армия арасындағы күрес жалғасуда.
Астана Бағдатты қамтыған көптеген қалада бомбалы шабуылдар өткел бермей келеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар