Буркина-Фасода армия мен оппозиция келісті

Армия өтпелі кезеңнің саяси басшылар тарапынан басқарылуын қабылдады.

179557
Буркина-Фасода армия мен оппозиция келісті

Буркина-Фасода армия мен оппозиционерлер өтпелі кезеңді саяси басшылар арқылы өткізу тақырыбында келісті.


Армияның билікті қолға алуының артынан бас қосқан оппозиция басшылары мен армия лауазымдылары өтпелі кезеңнің басқаруын саяси басшыларға тастау туралы келісімге келді.
Елдегі шерулерде жалғасуда. Қауіпсіздік күштері билікті кепілдікке алынуына наразылық көрсеткен ереуілші топты тарқату мақсатты оқ атты. Атылған оқтың кесірінен 1 адам қаза тапты.
27 жылдан бері билікті басқарған елбасы Блез Компаоренің қызмет мерзімін созу үшін атазаңды өзгерту бастамалары халықты көшелерге шығарған болатын.
Компаоре шерулер артқан соң жұма күнінен бастап отставкаға кетіп, армия биліктің бақылауын қолға алған еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар