Ирак Ресейден тікұшақ алды

АҚШ-тан алатын соғыс ұшақтары әлі келмеді.

177409
Ирак Ресейден тікұшақ алды

Ирак ISIS–пен күресте орыстың жаңа тікұшақтарын қолдануда.


Ирак Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда «түнгі аушы» аталған Ми-28 тиіпті 3 шабуыл тікұшағы Ресейден әкелінді.
Ирак Әуе күштері қолбасшылығы құрастыру жұмыстары аяқтап, қызметке берілген тікұшақтардың ISIS–пен күрестегі операцияларда қолданылатынын жариялады.
2012 жылы қол қойылған келісімге сай, Ресейдің Иракқа осы үлгідегі 12 тікұшақты тағы тапсыруы керек.
Ми-28 тиіпті тікұшақтар ауыр қаруларды тасымалдайды, жетілген бағыт көрсету техникасына ие, танктерді және сауытты көліктерді атуға жарайды.
Ирак Америка Құрама Штаттарынан 36 дана Ф-16 соғыс ұшағын алу үшін 3 жылдың алдында келісім жасасқан болатын. Алайда аталмыш ұшақтар әлі тапсырылмады.
Ирак армиясында 10 орыс соғыс ұшағы мен 6 орыс тікұшағы бар.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар