Буркино-Фасода армия үкіметті тарқатты

27 жылдан бері елді басқарған елбасы Блез Компаоре міндетін тастамайтынын жариялады.

176109
Буркино-Фасода армия үкіметті тарқатты

Елбасы армия жариялаған төтенше жағдайдың да жойылуын талап етті.

Қара құрлықтағы Буркино-Фасода саяси дағдарыс жалғасуда.
Елбасы Блез Компаоренің міндет мерзімін ұзартуға тырысуының артынан елде шыққан қақтығыстарда шамамен 30 адам қаза тапты, 100 адам жарақат алды.
Шерулерде көптеген мемлекеттік ғимаратқа зиян келіп, парламент ғимараты өртенді.
Мемлекеттік телеарна арқылы жағдайдың түсінгенін мәлімдеген Компаоре демократиялық жолмен сайланған бір үкіметке жауапкершіліктерін тапсыруға дайын екенін білдірді.
Армия оқиғалардың артынан ел көлемінде төтенше жағдай жариялап, түнде көшеге шығуға тыйым салды.
Үкіметті таратқан армия билікті қолға алғанын жариялады. Армия атазаң тәртібін 12 айдың ішінде орнатуға уәде берді.
Оппозиция болса ереуілшілердің елбасының отставкаға кетуінен басқасын қабылдамайтынын жариялады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар