Балқанның ең ірі мешіті

Мешіт Тирана парламентінің қасына салынады.

159410
Балқанның ең ірі мешіті

24 жылдық сағыныш


Балқанның ең ірі мешіті Тиранада салынады.


Мешіт құрылысын бастау үшін көптеген жылдан бері күресіп келе жатқан Түркия Дін істері қорының еңбегі жемісті болды.


Албанияның бас қаласы Тиранада Османлы сәулеті ерекшелігін салынатын мешіт екі жылда аяқталады.


Мешіт Тирана парламентінің қасына салынады.


Мешітте 4500 адам бір уақытта намаз қылатын болады.


Мешіттің жобасын түрік сәулетші дайындады.


Осы ірі мешіттің айырықша 400 адамдық конференция залы, Құран курсы, семинар залдары, кітапханасы, мейрамханасы мен екі қабатты Балқан мұражайы да болады.


Сонымен бірге барлық мұқтаждық қамдалған мешітте көп қабатты автобекет, мүгедектер үшін қақпа, бала емізу бөлмелері де жоспарланған.


Жүре алмайтын қариялар мен мүгедектер үшін лифт пен эскалатор да жасалады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар