Украинада жаңа Қорғаныс министрі

Полторактың кандидатурасы парламентте бекітілді.

156378
Украинада жаңа Қорғаныс министрі

Украинада жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды.


Украина парламенті Ұлттық гвардия қолбасшысы генерал Степан Полторактың елдің жаңа Қорғаныс министрі ретінде тағайындалуын бекітті.


Полторактың Қорғаныс министрі болуы үшін 245 депутат «қабыл» даусын қолданды.


Полторак ақпан айында Виктор Янукович елден кеткеннен кейін тағайындалған төртінші Қорғаныс министрі.


Президент Петро Порошенко жексен күні бұрынғы Қорғаныс министрі Валерий Гелетейдің отставкасын қабылдап, артынан Полторактың кандидаттығын көрсеткен болатын.


Порошенко осы кандидаттықты генералдар және Донбасстағы ерікті бригадаларда соғысып жатқан әскерлермен кездесуінен кейін қабылдағанын жариялады.


Степан Полторак - 30 жылдық әскери қызмет барысында Украина Жандармерия күштері қолбасшылығына дейін көтеріліп, соңғы алты айда Ұлттық гвардияның қалыптастырылуына басшылық еткен тұлға.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар