Израиль әскерлері Әл-Акса мешітіне кірістерді тоқтатты

Израиль әскерлері шеруrе шыққан палестиналықтарға қарсы жас ағызғыш газ қолданды.

155397
Израиль әскерлері Әл-Акса мешітіне кірістерді тоқтатты

Акса мешітін мұсылмандардың зияратына жапқан Израиль әскері наразылық шеруі ұйымдастырған палестиналықтарға жас ағызғыш газбен қарсылық берді.

Оқиғада 20-дан астам адамның жараланғаны білдірілді.
Аймақта ресми байланыстар жасаған БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Иерусалимдегі провокацияларға қарсы ескерту жасады.
Пан Палестина премьер-министрі Рами әл-Хамдаллахпен Рамаллахта ортақ баспасөз жиналысы өткізді.
Каирде Газаны қайта қалпына келтіру үшін жасалған 5,4 миллиард долларлық жәрдемнің маңызына назар аударған Пан «жаңадан құрылыс салу жұмыстары аса маңызды. Дегенмен тұрақсыздықтың негізгі себептеріне назар аударуымыз керек» деді.
Израильдің жаңа тұрғын аймақтары құрылыс жұмыстарын тағы бір рет айыптағанын атап айтқан Пан тараптарға бейбітшілік шақыруын қайталады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар