Иракта бомбалы шабуылдар 32 жан алды

Иракта кешегі бомбалы шабуылдарда 32 адам қаза тапты, 70 адам жараланды.

156873
Иракта бомбалы шабуылдар 32 жан алды

Ирактың астанасы Бағдатта кеше жасалған үш бомбалы шабуылда 32 адам қаза тапты.

Полицияның мағлұматтарына қарағанда астананың Аден алаңында жанкешті бір шабуылшы үстіндегі бомбаны жарды. Жарылыста 22 адам қаза тапты, 41 адам да жарақат алды.
Астананың шығысындағы Эс-Садр қаласында да тағы бір жанкешті жасаған бомбалы шабуылда 8 адамның қаза тауып, 23 адамның жараланғаны білдірілді.
Шығыс аймағындағы тағы бір елді-мекенде бомба орналастырылған көліктің жарылуы нәтижесінде 2 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар