Иракта бірінен соң бірі бомбалы шабуылдар ұйымдастырылды

Ирактың астанасы Бағдат кеше бірінен соң бірі бомбалы шабуылдармен шайқалды.

154204
Иракта бірінен соң бірі бомбалы шабуылдар ұйымдастырылды

Жасалған 4 бөлек шабуылда ең кемінде 45 адам қаза тапты, 100-ден астам адам жараланды.

Ирактың астанасы Бағдаттың әртүрлі жерлеріндегі шабуылдардың алғашқы үшеуінің бомба орналастырылған көліктермен жасалғаны білдірілді.
Кадмийе аумағындағы бір полиция бақылау бекетіне жасалған алғашқы шабуылда араларында полиция қызметкерлері де бар 11 адам қаза тапты, 28 адам жараланды.
Кейін болса қаланың көп адам жүрген даңғылдарының бірінде тағы бомбалы шабуыл жасалды. Шабуылда 8 адам қаза тапты.
Осы шабуылдың артынан жарты сағат өткен соң бірдей пункте тағы бір бомба жүктелген көлік жарылды және осы шабуылда да 15 адам жарақат алды.
Кешкі уақыттағы осы жарылыстың шамамен 4 сағат алдында болса астананың солтүстігінде жанкешті бір шабуыл жасалғаны білдірілді.
Бағдатта бір базарға кірген шабуылшының кемеріндегі бомбалардың жарылуымен 11 адам қаза тапты, 22 адам жараланды.
Шабуылдарда қаза тапқандар саны 45-ке жақындаса, жаралылар санының 100-ден асқаны білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар