ISIS Айн әл Арабқа шабуылдап жатыр

ISIS сарбаздары қала орталығына тағы 100 метр жақындады.

152232
ISIS Айн әл Арабқа шабуылдап жатыр

ISIS сарбаздары халықаралық коалицияның әуеден бомбалағанына қарамастан Сирияның солтүстігіндегі Айн әл Араб қаласына шабуылын жалғастыруда.


Сирия адам құқықтары ұйымы қаланың үштен бірінен көп жерінің террористердің қолына өткенін білдірді.


Орталығы Ұлыбританияда болып табылатын Сирия адам құқықтары ұйымының басшысы Рами Абдуррахман Айн әл Арабтың шығысының, солтүстік шығысы мен оңтүстік шығысында да кейбір жерлердің лаңкестік ұйымның бақылауына өткенін хабарлады.


Оның айтуынша, сарбаздар қала орталығына тағы 100 метр жақындады.


Қалада қатты шайқас жүріп жатыр.


Америка және Иордания ұшақтары болса лаңкестік ұйымның нысандарын бомбалауда.


Коалиция ұшақтары соңғы рет қаланың оңтүстік батысын нысанаға алды.


ISIS ұйымы Ракка қаласынан Айн әл Арабқа қосымша әскер жолдады.


Агенттіктердің хабарына қарағанда аталмыш қалада үйлерін тастап кетпей отырған әлі мың шақты азамат бар.


Сирия адам құқықтары ұйымы аталмыш қалада үш аптадан бері жалғасып жатқан қақтығыста жартысы лаңкестік ұйым сарбазы барлығы 400 адамның өлгенін хабарлады.


Иракта да террористтер бір тікұшақ құлатты. Тікұшақтағы екі ұшқыш қаза тапты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар