Пәкістан-Үндістан шекарасында шыққан қақтығыс жалғасуда

Үндістанның Пәкістанға шабуылында 5 адам қаза тапты, 26 адам жараланды.

151018
Пәкістан-Үндістан шекарасында шыққан қақтығыс жалғасуда

Пәкістанның Үндістанмен шекара аймақтарында үнді әскерлерінің 7 күннен бері ауыр қарулармен жасаған шабуылдарында 5 жазықсыз адам қаза тапты, 26 адам жарақат алды.
Пенджаб уәлаятының Үндістан шекарасындағы Пасрур мен Шакаргарх аймақтарында үнді әскерлерінің ауыр қарулар және зымырандармен жасаған шабуылдарында 2 жазықсыз адам жарақат алды. Пәкістан шекара сарбаздарының қарсылық беруімен шыққан қақтығыстың жалғасқаны атап көрсетілді.
Сиалкот қаласына қарасты Чарва, Харпал, Пасрур және Шакаргарх аймақтарына жасалған шабуылдарда көптеген үйді де атқылады.
Астана Исламабадта парламент ғимараты алдында үкіметке қарсы шерулерін жалғастырған Пәкістан Халық қозғалысы басшысы Тахир-ул Кадри шекарадағы шабуылдарға үнсіз қарап отырылғанын алға тартып, премьер-министр Наваз Шерифті сынға алды.
Пәкістан премьер-министрі Наваз Шерифтің Ұлттық Қауіпсіздік және Сыртқы қатынастарға жауапты кеңесшісі Сертач Азиз жасаған мәлімдемеде Пәкістанның шекарадағы бұзақылықтарға шыдам көрсеткенін атап, Үндістанды атысты тоқтатуға шақырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар