Айн әл Араб ауданында қақтығыс жалғасуда

Бірнеше күннен бергі қақтығыстан кейін ISIS Айн әл Араб ауданының шығыс жағын өз бақылауына алды.

150514
Айн әл Араб ауданында қақтығыс жалғасуда

Кеше қаланың шығысына байрақ тіккен лаңкестік ұйым сарбаздарының қаланың оңтүстік шығысына қарай жылжығаны, қалада үш ауданда бақылауды өз қолына алғаны хабарланды.

Алайда қала орталығы әлі күрд жасақтарының қолында.
ISIS лаңкестік ұйымына қарсы қалыптастырылған коалицияның ұшақтары Кобаниде екі нысанды бомбалады. Террор ұйымы қалаға екі мың сарбазбен кірді.
Соңғы күндері қатты шайқас болып жатқан аймақтағы биік төбелер мен кейбір ғимараттарда лаңкестік ұйымның тулары желбіреуде.
Екі жақтан да көп шығын болғаны хабарланды.
Осы арада азаматтар қаладан қашып жатыр.
Соңғы рет арасында журналистер де бар үш жүз адам Кобаниден эвакуацияланды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар