Болгария Қорғаныс министрлігі күрд жасақтарға қару берді

Иракқа қару мен оқ-дәрі жолданды.

146286
Болгария Қорғаныс министрлігі күрд жасақтарға қару берді

Болгария Қорғаныс министрлігі Иракта ISIS лаңкестік ұйымына қарсы күреске қолдау мақсатымен күрд жасақтарға 5 миллион 960 мың левалық жеңіл қару және оқ-дәрі жолдағанын хабарлады.


Министрліктің интернет парақшасында жарияланған хабарламаға қарағанда, көмек мың 800 қару және 6 миллион оқтан тұрады. Қару мен оқ-дәрінің Иракқа барып жеткені, трансфері бойында координацияның Болгария Сыртқы істер министрлігі тарапынан жүзеге асырылғаны айтылды.


Болгария министрлер кабинеті 18 қыркүйек күні ISIS ұйымымен күреске қолдау беруге шешім қабылдаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар