Испанияда Тәуелсіздік референдумі кейінге қалдырылды

Испанияда Атазаңы соты үкіметтің референдумді кейінге қалдыру шағымын қабылдады.

144110
Испанияда Тәуелсіздік референдумі кейінге қалдырылды

Соттың осы шешімімен Каталония Автономиялық әкімшілігінің 9 қараша күні тәуелсіздік референдумі өткізу шешімі кейінге қалдырылды.
Атазаңы сотының бұл тақырыпта нақты шешім қабылдауының бірнеше жылға жалғасатыны атап көрсетілді.
Соттың шешіміне қарамастан Каталониядағы партиялар референдум дайындықтарын жылдамдықпен жалғастыруда.
Испания премьер-министрі Мариано Рахой сот шешімі алдында жасаған мәлімдемеде елдегі ешбір топтың шекара тұтастығы тақырыбында өзі шешім қабылдай алмайтынын атап көрсетті.
Рахой референдумнің Каталонияны бөлшектейтіні және Еуропадан алыстатынын алға тартты.
Каталония басшысы Артур Мас болса, тәуелсіздік шешімі қабылданған жағдайда, басатын қадамдарының мазмұнын 18 баптан тұратын бір жоспармен жарияланды.
Мастың Атазаңы соты шешімінің артынан Каталонияда ерте сайлау өткізетінін болжалады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар