Болгария халқы сандыққа жүгінеді

Болгария 5 қазан жексенбі күні болатын жалпыхалықтық ерте сайлауға дайындалуда.

144986
Болгария халқы сандыққа жүгінеді

Болгария халқы сайлауға көп үміт артып отыр. Азаматтардың жалғыз тілегі – жемқорлық пен жұмыссыздыққа шешім табу.


Болгария азаматтары жемқорлық пен жұмыссыздықтан жалыққандарын, әсіресе жастардың шетелге кетіп жатқанын айтып отыр. Жалпы жеті миллион сайлаушысы бар Болгарияда өмір сүретін бір миллион мұсылман түріктің де үміті басқаша емес.


Сайлауда жарысатын түрік партияларының бірі Еркіндік пен даңқ халық партиясының төрағасы Корман Исмаилов сайлауға «Реформашыл блок» деген атпен қатысатындарын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар