Пешмерге күштерін Германия жаттықтырады

Германия ISIS террорына қарсы күрескен пешмерге күштерін жаттықтыра бастады.

143630
Пешмерге күштерін Германия жаттықтырады

Жаттығудың ішкі мазмұнының Ирак күрт аймақтық әкімшілігіне Германия жіберген қаруларды қолданумен байланысты екенін атап көрсетті.
Жаттығу Бавария уәлаятында неміс армиясына тиесілі бір әскери базада өтуде.
Германияға апарылған пешмергелердің 20-сына танк қағар, 10-на болса жылжымалы асхана жайлы практикалық жаттығу берілгені білдірілді.
Неміс лауазымдылардың өз жерінде тұңғыш рет шетелдіктерге қару-жарақ жаттығуы өткеніне назар аударылды.
Германия алғашқы сатыда пешмергеге 4 мың G3 автоматы, 4 мың тапанша, 20 танк қағар, 120 базука және 20 ірі калибрлі пулеметке қоса 15 жылжымалы асхана жіберуге шешім қабылдаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар