Обама БҰҰ Бас ассамблеясында ISIS-пен күреске шақырды

«Террор әлемнің ең керемет діндерінің біріне қауіп төндіреді».

137809
Обама БҰҰ Бас ассамблеясында ISIS-пен күреске шақырды

АҚШ президенті Барак Обама діни қауымдық қақтығыстардың Ислам әлеміне қайғыдан басқа нәрсе келтірмегенін атап, терроризмнің осы қақтығыстардан күш алғанын айтты.
Обама Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясындағы баяндамасында Исламның мейірімділік діні екенін, жауыздықтың, әйел мен балаларды өлтірудің ешбір діннің қабылдамағанын атап көрсетті.
«Террор әлемнің ең керемет діндерінің біріне қауіп төндіреді» деген Обама «діні мотивациялық фанатизмге қарсы күресетін бір құрылым жасауымыз керек» деді.
Обама Ислам мемлекеттерін мектептердегі фанатизммен күресуге шақырды.
Ислам әлеміндегі діни қауымдық қақтығыстарда ешбір тараптың жеңісі болмағанын айтқан Обама терроризмнің де осыдан күш алғанын атап көрсетті.
Барак Обама ISIS-ке қарсы мүше мемлекеттерді коалиция жасауға шақырды.
ISIS-ті алдымен әлсірететіндерін артынан жоятындарын атап айтқан Обама «Әлемге үн қатамын, осы талпынысқа қосылыңдар» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар