Пәкістандағы сел апатында қаза тапқандар саны 346-ға жетті

Апат аймақтарында әскери жасақтар іздеу жұмыстарын жалғастыруда

133736
Пәкістандағы сел апатында қаза тапқандар саны 346-ға жетті

Муссон жаңбыры салдарынан Джелам, Рави және Чинаб өзендерінің тасу және сел апатына себеп болды. Ұлттық апат және төтенше жағдай басқару кеңесі жариялаған рапортқа қарағанда соңғы 3 аптада Пенджаб уәлаяты, Азад Кашмир және Гилнитте 3 мың 337 ауылды су басты.
Екі миллионнан астам адамның селден болымсыз әсерленгені жарияланған рапортта Пенджабта 269, Азад Кашмир аймағында 64, Гилгитте 13 барлығы 346 адамның қаза тапқаны, 44 мың 175 үйге зиян келгені атап көрсетілді.
Апат аймақтарында 18 әскери тікұшақ пен 574 құтқару қайығымен армия жасақтары және азаматтық жәрдем мекемелерінің іздеу жұмыстарын жалғастырғаны, 617 мың 774 адамның эвакуацияланғаны білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар