Нигерияда бір жоғары мектепке жанкешті шабуыл жасалды

Шабуылда көпшілігі бала 15 адам қаза тапты.

130195
Нигерияда бір жоғары мектепке жанкешті шабуыл  жасалды

Боко Харам ұйымы мүшелері екені алға тартылған бір топ шабуылшы Кано уәлаятының Кабуга аймағындағы бір жоғары мектепке шабуыл жасады.
Мектеп қалашығында шабуылдаудың артынан жарылыс болғаны білдірілді.
Оқиғада көпшілігі бала 15 адам қаза тапты, 34 адам жараланды.
Куәгерлер қаза тапқан 2 шабуылшының үстінде жарылғыштар бар екенін, осы себепті жарылыстың жанкешті шабуылшылар тарапынан жасалғанын айтты.
Оқиғаның артынан аймақпен байланысты жолдар полиция тарапынан жабылды.
Боко Харам ұйымы уәлаяттың мектептерін жиі нысанаға алып отырады.
Шілде айында техникалық бір университетке бағытталған жанкешті шабуылда да 20 адам қаза тапқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар