Мысыр армиясы «Энсар әл-Макдис» ұйымына операция жасады

Мысыр Қауіпсіздік күштері Суэц қаласында Энсар әл-Макдис ұйымына қарсы операция ұйымдастырды

126327
Мысыр армиясы «Энсар әл-Макдис» ұйымына операция жасады

Мысыр ішкі істер министрлігі операцияның Суэц қаласындағы таулы аймақта жүзеге асқанын жариялады.
Мәлімдемеде «Соңғы 3 айдың ішінде 33 полиция мен әскердің өлтірілуіне себеп болған Энсар әл-Макдис ұйымы мүшесі 7 адамның өлтірілгені» атап көрсетілді.
Өлтірілген ұйым мүшелерінің ұйым үшін маңызды тұлғалар екені және операцияда көптеген қарудың да қолға түсірілгені білдірілді.
2013 жылы 3 шілде күні әскери төңкеріспен билік ауысқан Мысырда армия Синаның солтүстігінде «қылмыстық ұйымдар» ретінде бағаландырған топтарға бағытталған операциялар ұйымдастырады.
Энсар әл-Макдис ұйымы соңғы айларда әсіресе қауіпсіздік күштерін нысанаға алған көптеген шабуылдың жауапкершілігін мойындаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар