"Түркия ISIS лаңкестігіне алаңдайды"

Дэвид Кэмерон Қауымдар палатасына НАТО саммиті туралы мағлұмат берді.

119445
"Түркия ISIS лаңкестігіне алаңдайды"

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон НАТО саммитіне байланысты хабарлама жасады. Ол Түркияның ISIS лаңкестік ұйымы тақырыбында алаңдап отырғанын, әскери, барлау және қауіпсіздік тақырыптарында ықпалдастықта болуды жоспарлайтындарын айтты.


Дэвид Кэмерон ағылшын парламентінің төменгі қанаты Қауымдар палатасына Уэльстегі НАТО саммиті туралы мағлұмат берді. Кэмерон ISIS-пен күресте Түркияның шекарасынан өту мәселесін президент Ердоғанмен талқылағандарын еске салды.


«Түркия шекарасындағы қауіпсіздікті арттыру үшін қазір қадам басып отыр және көмек үшін бізбен әскери, барлау және қауіпсіздік мәселелерінде ықпалдасуды жоспарлайды» деді.


Ағылшын лауазымды лаңкестік ұйыммен күрес үшін күрдтерге қолдау беруді жалғастаратындарын айтып, «Бұл әрі қару беруді, әрі әскерлерді дайындауды қамтиды» деді.


Кэмерон снымен бірге аталмыш лаңкестік ұйыммен күресті ирактықтардың басқаруы керектігін тілге тиек етті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар