Йеменде үкіметке қарсы ереуілдер қақтығысқа айналды

Полиция қызметкерлері мен ереуілшілер арасындағы қақтығыста бір адам қаза тапты.

117908
Йеменде үкіметке қарсы ереуілдер қақтығысқа айналды

Шиіт топтар мен үкіметке қарсы ереуілшілер Сана халықаралық әуежайына баратын жолды қатынасқа жапты, полиция араға кірді.


Полиция қызметкерлері мен ереуілшілер арасындағы қақтығыста бір адам өлді, 40 адам жараланды.


Санада лагерь құрып отырған ереуілшілер бензинге мемлекеттік қолдаудың жалғасуын талап етуде.


Шиіттер астанаға кіріп-шыққан бүкіл көліктерді тінтетіндерін, Халықаралық әуежайға кірген үкімет көліктеріне де рұқсат бермейтіндерін жариялаған болатын.


Президент Мансур Хади оппозицияға мұнай өнімдерін 30 пайыз арзандатуға ұсыныс жасады. Жаңа премьер-министр тағайындап, оппозицияны тынышталдыруға тырысты.


Ереуілшілер мен үкімет арасындағы келіссөз жалғасуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар