Берлинде барлау ұйымдары протест етілді

Германиядағы шеруде АҚШ-тың 'NSA' мен неміс 'BND' ұйымына наразылық көрсетілді

109338
Берлинде барлау ұйымдары протест етілді

Германияның астанасы Берлинде барлау ұйымының телефондарды тыңдау және бақылауға алу жұмыстары протест етілді.
Бранденбург есігі алдында «Қорқудың орнына еркіндік» ұранымен жиналған мыңдаған адам кейін премьер-министрлік ғимаратына қарай шеру ұйымдастырды.
Көптеген адам АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік агенттігі ‘NSA’-дің бұрынғы қызметкері Эдуард Сновденнің суреті бар футболкалар мен маска киіп алды.
Әсіресе АҚШ пен Германияның барлау жұмыстарына наразы плакаттар көтерілген шеруде барлау ұйымы тарапынан жеке мағлұматтардың тіркеуге алынуы сынға алынды.
Барлау ұйымдарының одан жиі бақылауға алынуын сұраған шерушілер Германияның қазір Ресейде өмір сүрген Эдуард Сновденге де саяси баспана беруін талап етті.
Сновден таратқан кейбір құпия құжаттар арқылы ‘NSA’-дің сандық тыңшылық пен техникалық тыңдау жұмыстары жүргізгені ортаға шыққан болатын. ‘NSA’-дің премьер-министр Меркелдің қалта телефонын ұзақ жылдар тыңдағаны алға тартылған болатын.
Неміс баспасөзінде осы ай жарияланған жаңалықтарда неміс барлау ұйымы ‘BND’-дің болса араларында НАТО мемлекеттері Түркия мен Албания да бар 80 мемлекетке бағытталған барлау және тыңдау жұмыстарын жүргізгені алға тартылған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар