Лидерлер мерекені құттықтады

Ердоған, Чичек және Дауытоғлұ мерекелік үндеу жариялады.

108247
Лидерлер мерекені құттықтады

Лидерлер мерекелік үндеу жариялады.
Елбасы Режеп Таип Ердоған 30 тамыз Жеңіс мерекесінің барлық кедергілерден береке-бірлікпен өткен ұлтымыздың күшін көрсеткені үшін өте маңызды екенін атап өтті.
Елбасы Режеп Таип Ердоған 30 тамыз Жеңіс мерекесіне орай жариялаған үндеуінде «Ұлтымыздың осы шешімділікті жалғастыруы арқылы біз барлық кедергілерден өткен, ертеңінен алаңдамайтын бір елде өмір сүріп жатырмыз» деді.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Жемил Чичек үндеуінде «Тарих бойынша ар-намысымен өмір сүрген ұлтымыз болмысын жалғастыру үшін барлық езілген ұлттарға өнеге боларлық ұлы жеңіске жеткен және құлдық шынжырларын үзіп, әлемдегі ұлттар жанұясындағы құрметті орнына ие болған» деп көрсетті.
Премьер-министр Ахмат Дауытоғлұ «Аталарымыздан алған шабыт пен әсерді сақтап, азаматтарымызды бөлшектемей, өмір сүріп жатқан отанымызда әділет пен бейбітшілікті орнату үшін талпынудамыз» деді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар