Иракта Хайдар әл-Абади үкімет құру жұмыстарын жалғастырады

Күрт депутаттар үкіметке қолдау беру үшін 4 шарт ұсынды

103498
Иракта Хайдар әл-Абади үкімет құру жұмыстарын жалғастырады

Ирак Мәжілісінде 62 орындыққа ие күрт депутаттар Абадиге қолдау беру үшін 4 шарт ұсынды.
Күрт депутаттар Ирак атазаңының 140-шы бабының іске қосылуы, Аймақтық әкімшілікке бюджеттен төленетін үлестің жіберілуін, пешмергенің қаруландырылуы және мұнай экспортына кедергі жасалмауы шартымен Хайдар әл-Абадиге қолдау беретіндерін жариялады.
Хайдар әл-Абади болса Ирак атазаңымен байланысты Эрбил мен Бағдат арасындағы мәселелерді шешуге тұрақты екендерін айтты.
Жаңа үкіметте барлық құрылымдарға орын берілген ауқымды бір кабинет құруды нысанаға алғандарын атап айтқан Абади үкімет құру келіссөздерінің болымды жалғасқанын атап көрсетті.
Ирактағы қауіпсіздік жағдайына да тоқталған Абади «Иракта армия мен ресми қауіпсіздік қызметкерлерінен басқа ешбір күштің қарулануына рұқсат етілмейді» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар