Меркель Ирак күрт үкіметіне қару жәрдемі беретіндерін айтты

Меркель қару-жарақ жәрдемінің ИЛИМ экстремистеріне қарсы күрес үшін екенін білдірді

102203
Меркель Ирак күрт үкіметіне қару жәрдемі беретіндерін айтты

Германия канцлері Ангела Меркель террорлық ұйымға қару-жарақ жәрдемі берілмегенін білдірді.
Меркель «ИЛИМ экстремистеріне қарсы күресу үшін Ирактың солтүстігіндегі аймақтық күрт үкіметіне қару-жарақ жіберуіміз мүмкін. Бірақ бұл жоба аясында ПКК террорлық ұйымының жіберілген қару-жарақтардың алушысы болуы мүмкін емес» деді.
Германия канцлері Ангела Меркель Германиядағы бір телеарнаға берген сұхбатында күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты сұрақтарға жауап берді.
ИЛИМ экстремистерінің шабуылдарына байланысты Ирактың солтүстігінде аса қауіпті жағдай пайда болғанын айтқан Меркель өз үкіметінің бұл қауіпке қарсы Аймақтың күрт үкіметіне қару-жарақ жәрдемі беруді жоспарлап отырғанын білдірді.
Меркель кейбір неміс саясатшылардың «ПКК террор ұйымының да қару-жарақтарды алу мүмкіндігі» туралы ұсыныстарын қабылдамады.
Меркель «Ирактағы орталық үкімет қабылдаған жағдайда Аймақтың күрт үкіметіне қару-жарақ жібере аламыз. Бірақ ПКК-ның қару-жарақ алушысы болуы мүмкін емес» деді.
Ангела Меркель Германия барлау қызметінің Түркияны жасырын тыңдауы туралы қойылған сұрақтарға жауап беруден қашқақтады, бірақ жоққа да шығарған жоқ.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар