ИЛИМ ұйымы Сирияның әскери әуе базасын қолға түсірді

Қақтығыстарда көптеген адам қаза тапты

102727
ИЛИМ ұйымы Сирияның әскери әуе базасын қолға түсірді

Ұйым Асад жасақтарымен бірнеше күннен бері жалғасқан қақтығыстардың артынан Табка әскери әуе базасын қолға түсірді.
База Раккада армияның қолындағы соңғы әскери жай болатын.
ИЛИМ-нің қорғаны қабылданған Ракка қаласына 45 шақырым қашықтықтағы базада көптеген жойғыш ұшақ, тікұшақ, танкі және зеңбірек бар екені білдірілді.
Сирия Мемлекеттік арнасының жаңалығына қарағанда да база армияның бақылауынан шыққан.
Бақылаушылар базаның қолға түсуінің артынан Башар Асад әкімшілігі үшін ауыр бір соққы екені және Сирия Әуе күштерінің елдің солтүстігіне әуе шабуылы ұйымдастыру күшін әлсірететініне назар аударылды.
База төңірегіндегі қақтығыстарда жүздеген режим әскері мен ИЛИМ ұйымы мүшесі қаза тапты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар