ХАМАС-тың қарулы тобы Кассам сарбаздарының 3 лидері өлтірілді

Ракета шабуылында олардан басқа 4 адам қаза тапты

98608
ХАМАС-тың қарулы тобы Кассам сарбаздарының 3 лидері өлтірілді

Израильдің шабуылдарында Кассам сарбаздарының лидері Раид әл-Аттар, Мұхаммед Әбу Шеммале және Мұхаммед Берхун қаза тапты.
Кассам сарбаздары өздерінің мәлімдемесінде «Кассам сарбаздары лидерлерінің қаны Палестина халқы мен ислам үмбеті үшін төгілді» деді.
Кассам сарбаздарының лидерлері Газаның оңтүстігіндегі Рефах қаласының Тел Сұлтан аймағында бір үйге жасалған ракета шабуылында қаза тапты.
Шабуылда 9 ракета түскен үйдің түгелдей тас-талқан болғаны білдірілді.
Шабуылда олардан басқа 4 Палестиналық қаза тапты, 45 адам да жараланды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар