Газада қаза тапқандар саны 2 мың 54-ке жетті

Израиль жойғыш ұшақтары кеше түнде Газаға бомба жаудырды

98479
Газада қаза тапқандар саны 2 мың 54-ке жетті

Израильдің атысты тоқтату келісімін бұзуының артынан Газаға ұйымдастырған әуе шабуылында қаза тапқан саны 2 мың 54-ке жеткені білдірілді.
Газада міндетін іс жүзінде атқарып отырған Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдемешісі дәрігер Эшреф эл-Кудра атысты тоқтатудың бұзылуының артынан түнде Израиль жойғыш ұшақтарының Газа секторының оңтүстігіндегі Рефах қаласы мен айналасына бастаған әуе шабуылында жараланған тағы 3 кісінің қаза тапқанын мәлімдеді.
Кудра шабуылдар қайтадан басталған алдынғы күннен бері 29 адамның қаза тапқанын, 167 адамның жараланғанын білдірді.
Израиль жойғыш ұшақтарының түнде Газаның әртүрлі аймақтарына бомба жаудырғаны, нысанаға алынған көптеген ғимараттың қирағанын айтқан Кудра Израильдің 7 шілде күнінен бері жасаған шабуылдарында қаза тапқандар санының 2 мың 54-ке, жаралылар санының болса 10 мың 251-ге жеткенін атап көрсетті.
Израиль жылдар бойы қоршауға алынған Газаға 7 шілде күні әуеден және теңізден 17 шілдеде болса құрлықтан шабуыл бастаған болатын. 1 айдан асқан шабуылдардың артынан Мысырда жүзеге асқан келіссөздерде тұрақты атысты тоқтату қамтамасыз етіле алмаған, зымыран лақтырылғанын алға тартқан Израиль армиясы да Газаға қайтадан шабуылдарын бастаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар