Ирак саясатында тосын оқиға...

Ирак премьер-министрі Нури Әл Малики міндеттен кетті.

91336
Ирак саясатында тосын оқиға...

Малики үкіметті құру міндеті берілген Хайдар әл Абадиге қолдау беретінін білдірді. 

Ирактың жаңа президенті Фуад Махсум мен Малики арасында үкіметті құру тақырыбында келіспеушілік болатын. Иракта Шиіт ұлттық одағы Заң мемлекеті коалициясының мүшесі, парламент төрағасының орынбасары Хайдар әл Абадиді премьер-министр деп жариялап, президент те оған үкіметті құру міндетін берген болатын.


Ирактың премьер-министрі Малики болса бұған наразылық білдіріп, «Ирак атазаңына берілген соққы» деп атаған еді. Малики айырықша оларды сотқа берген болатын.


Абадидің премьер-министрлікке кандидаттығына Вашингтон мен Тегеран әкімшілігімен қоса елдегі күрдтер, сүннит топтар, шиіт басшы Али Систани де жылы қарап отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар