Езидтер үшін қауіпсіз шығу жолы жасалды

Езидтер көліктер арқылы Сирияға апарылуда

85187
Езидтер үшін қауіпсіз шығу жолы жасалды

Иракта ИЛИМ экстремистерінен қашып тауларға шыққан Езидтер үшін қауіпсіз шығу жолы жасалды.
Осы күнге дейін 10 000 Езид құтқарылды.
Бір апта бұрын ИЛИМ экстремистері басып алған Синжар ауданынан қашып тауға шыққан шамамен 50 000 Езидтің жағдайы халықаралық қауымды алаңдатып отыр.
Ирак парламентінің Езидтерден шыққан жалғыз депутаты Феййан Дахил «Оларға жәрдем үшін бір немесе екі күніміз қалды. Кешігетін болсақ жаппай өлу басталады»-деді.
Езидтерді қауіпсіз аймақтарға көшіру жұмыстары басталды.
Тауды паналаған Езидтер екі сағат жүргеннен кейін көліктер күтіп тұрған жерге келе алады.
Езидтер пешмаргалар ашқан қауіпсіз жолдар арқылы Сирияға апарылуда.
Кейбір аймақтарда ИЛИМ экстремистері мен пешмаргалар арасында қақтығыстар жалғасуда. Пешмаргаларға Ирак армиясы да қолдау көрсетуде.
ИЛИМ экстермистерінің Ирактағы шабуылдарына Германияда тұратын Езидтер мен күрттер наразылық көрсетті.
Еуропа Езидтер федерациясының бастамасымен өткен наразылық шеруіне түрлі қоғамдық ұйымдар мен неміс саяси партиялары өкілдері де қатысты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар