АҚШ Ирактағы қырғынға байланысты мәлімдеме жасады

АҚШ президенті ИЛИМ экстремистеріне қарсы әуе шабуылы жасауға бұйрық берді

83107
АҚШ Ирактағы қырғынға байланысты мәлімдеме жасады

Барак Обама АҚ Үйде Ирактағы соңғы жағдайларға байланысты жасаған баспасөз конференциясында жаңа екі шешім қабылданғанын білдірді.
ИЛИМ экстремистерінің қырғын жасап жатқанына назар аударған Обама экстремистер Эрбилге қарай жылжитын болса әуе шабуылы жасайтынын мәлімдеді.
Обама Американ әскерінің аймаққа соғысу үшін жіберілмейтінін тағы да қайталап айтты.
Бірақ Эрбилде АҚШ дипломаттарының бар екенін еске сала келіп, американ азаматтарының өміріне қауіп төнетін болса әуе шабуылы бастайтынын айтты.
АҚШ президенті Синжар қаласында болған қырғынға тоқтала келіп, американ күштерінің аймақта болып жатқандарға көз жұмбайтынын білдірді.
Аймаққа гуманитарлық жәрдем жеткізілгенін де айта кеткен Обама азық-түлік, су сияқты ең қажет нәрселердің аймаққа әуеден жеткізілгенін мәлімдеді.
Ал АҚШ Қорғаныс министрлігінің Пентагонда жасаған мәлімдемесінде Ирактағы бомбалаудың АҚШ тарапынан жасалмағаны білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар