Иордания БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне 'Атысты тоқтату' жобасы ұсынды

Шешім жобасына бүкіл араб елдері қолдау береді

81334
Иордания БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне 'Атысты тоқтату' жобасы ұсынды

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Иордания тарапынан Израильдің Газаға ұйымдастырған шабуылдарымен байланысты жаңа шешім жобасы ұсынылды.
БҰҰ-ның уақытша мүшесі Иорданияның БҰҰ Тұрақты өкілдігі Газаның қайта құрылымы үшін халықаралық талпыныс ортаға қою мақсатты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне бір жоба ұсынды.
Араб мемлекеттерінің де қолдауын алған Иордания ұсынған жобада шабуылдардан қашқан жазықсыз адамдар паналаған БҰҰ мектептерінің Израиль тарапынан бомбалануымен байланысты тергеу жұмыстарының басталуы және Газа секторындағы Израиль қоршауының жойылуы шақыруы да орын алады.
Иордания БҰҰ Тұрақты өкілі Дина Кавар жобамен байланысты жасаған мәлімдемесінде «Атысты тоқтатудың қамтамасыз етілуіне ризамыз және тұрақтылығын қалаймыз» деді. Кавар Кеңес мүшелерімен ақылдасып жатқандарын және кеш дегенде бірнеше күннің ішінде нәтиже алуды үміт еткендерін атап көрсетті.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелері бүгін жобамен байланысты бір жиналыс өткізуді жоспарлап жатқанда, АҚШ-тың ұстанымының жобаның табысты болуында ықпалын тигізетіні күтіледі.
15 мүшелі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мұның алдында Газадағы қақтығыстарға қатысты Израильді айыптайтын кезкелген бір шешім жобасы тақырыбында нәтижесіз қалса, тек қана атысты тоқтату шақыруын қамтыған бір мәлімдеме мәтіні жайлы келісімге келген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар