«Экономист» журналы Израильдің Газаға шабуылдарын сынға алды

«Израиль шайқаста жеңді, бірақ соғыста жеңілді»

81239
«Экономист» журналы Израильдің Газаға шабуылдарын сынға алды

Ұлыбританияда шығатын апталық «Экономист» журналы Газада болған қырғынға ауқымды орын берді.
Израильдің Газаға шабуылдары сынға алынған журналда ағылшын тілінде «Winning the battle, losing the war», яғни «Шайқаста жеңіп, соғыста жеңілу» деген атпен мақала жарияланды.
Мақалада Израиль бұл саясатын жалғастыратын болса жеңіліс тапқан тарап болатынына назар аударылды.
Израильдің келешекте бейбітшілік үшін мүмкіншілігін жоғалтқаны айтылған мақалада осындай саясат қолдану арқылы Израильге наразы ұрпақ өсіп келе жатқаны білдірілді.
«Экономист» журналындағы мақалада Израиль премьер-министрі Нетеньяхудың бұдан кейін келісім үшін күш жігер салуы керектігі де ескертілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар