Қытайдағы зілзалада қаза тапқандар саны 410-ға жетті

Мыңдаған адам аймақтан эвакуацияланды

80234
Қытайдағы зілзалада қаза тапқандар саны 410-ға жетті

Қытайдағы зілзалада адам шығыны артуда.
Қытайдың оңтүстік батысындағы Юньнань уәлаятының Каотонг қаласында жексенбі күні болған 6,5 балл күшіндегі зілзалада қаза тапқандар саны 410-ға жетті.
Синьхуа хабар агенттігінің мағлұматтарына қарағанда зілзалада мыңдаған адам жарақат алды, 230 мың адам аймақтан эвакуацияланды. 11 мың полиция мен өрт сөндіру қызметкеріне қоса 7 мың әскер іздеу құтқару жұмыстарын жалғастыруда.
Қытай үкіметі іздеу құтқару жұмыстары үшін 97 миллион АҚШ доллары қаржы бөлді.
Аймақтағы Нилуан өзенінің алды зілзала себепті жабылғаны үшін көлдің су деңгейі көтерілді.
Аймақтағы су деңгейі 67 метрге жетіп, тасқын себіпті 50 үй құлады.
Өзеннің жағалауындағы аймақтарда өмір сүрген 3 мың тұрғынның эвакуацияланғаны білдірілді.
Аймақтағы қарқынды жауынның тағы 3 күн бойы жалғасатыны атап көрсетілді.
Аймақтың жағрафиялық құрылымы жәрдем жұмыстарына кедергі жасауда.
Апат аймақтарына жәрдемдер көбінесе әуе жолымен жеткізілуде.
Іздеу құтқару жұмыстарын тексеру үшін Каотонг қаласына барған Қытай премьер-министрі Ли Кэцян одан әрі адам шығынының алдын алу үшін қолданыстан шыққан үйлерде өмір сүрген адамдарды тез арада эвакуациялауға тапсырма берді.
Басқа жағынан Юньнань уәлаятына көрші Гуиджода да зілзаланың мың 500 үйге зиян келтіргені және 7 мың 200 адамның эвакуацияланғаны атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар