«Израильге қолдау бергендер қылмыстың ортағы»

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Бас хатшысы мәлімдеме жасады

78868
«Израильге қолдау бергендер қылмыстың ортағы»

Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) Бас хатшысы Ияд Эмин Медени Израильге әлі қолдау берген және жасап жатқандарын ақлақтық тұрғыдан жапқан мемлекеттердің өлтіруді, қиратуды одан көп арттырғанын және жасалған қылмыстарға ортақ болғанын алға тартты.
Медени ИЫҰ-ның ресми интернет парақшасында орын алған мәлімдемесінде Израильмен қарым-қатынастағы ұйымға мүше мемлекеттердің ынтымақтастықтарына қайта қарауға шақырды.
Израильдің Газаға шабуылдарында мешіт пен ғибадатханаларды нысанаға алуды айыптаған Медени «Израиль жойғыш ұшақтары мен танктарының жазықсыз адамдарды өлтіруі, үйлерді құлатуы, егістіктерді жоюы, инфрақұрылымды қиратуы жетпей тұрғандай қазірде өлтіру арманы ғибадатханаларға дейін ұласты. Израильдің палестиналықтарды елді-мекендерінен айырып, адамдарды құдайларын паналаған мешіттерді де құлатқысы келеді. Соғыс тарихында мұндай бір жауыздық бұрын-соңды болған емес» деді.
Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Бас хатшысы Ияд Эмин Медени «Бүкіл мұсылмандар мен ұжданы барларды, барлық мекемелерді саяси және экономикалық тұрғыдан палестиналықтарға қолдау беруге шақырамын» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар