Боливия Израильді террорист мемлекет ретінде жариялады

Бразилия мен Перуның артынан Боливия мен Чили де Израильге наразылық көрсетті

75473
Боливия Израильді террорист мемлекет ретінде жариялады

Боливия президенті Эво Моралес елінің Израильді «террорист мемлекет» боп жариялағанын мәлімдеді.
Израильдің 7 шілде күнінен бері Газаға жасаған шабуылдары себепті мұндай бір шешім қабылдағанын атап айтқан Моралес ‘Израильдің өмір сүру құқына құрмет көрсетпегенін және адамзатқа қарсы қылмыс жасағанын’ мәлімдеді.
2009 жылы Израильдің Газаға шабуылын «қырғын» деп атаған Моралес елінің Израильмен қарым-қатынастарын тоқтатқан болатын.
Оңтүстік Америкада тағы бір наразылық та Чилиден келді.
Чилилік парламентарлар Мәжіліске Израильге наразылық көрсеткен плакаттармен келді.
Сыртқы істер министрлігі «Израильдің Газадағы әскери операциясының артқанын назарға алып, аймағымыздағы басқа елдермен ақылдасып, өкілетті елшімізді кері шегуге шешім қабылдадық» мәлімдемесі жасады.
Осыған ұқсас наразылық мәлімдемелері мұның алдында Бразилия мен Перу сияқты Оңтүстік Америка мемлекеттерінен келген болатын.
Мексикада болса АҚШ өкілетті елшілігі алдында жиналған шерушілер шабуылдардың тоқтатылуы үшін шақыру тастады.
Мексикалық шерушілер үкіметтерінен Израильмен дипломатиялық қатынастарын тоқтатуын талап етті.
Біріккен Ұлттар Ұйымы бақылауындағы мектептерді 5-ші рет нысанаға алған Израиль БҰҰ лауазымдарына лауазымдыларында қозғады.
Бас хатшы Пан Ги Мун Израильдің палестиналық босқындар бар мектептерге шабуылын айыптады.
19 адам қаза тапқан мектеп шабуылының артынан БҰҰ-ның палестиналық босқындарға жәрдем мекемесі де халықаралық құқықты таптаған Израильді айыптағанын жариялап «бұл қырғын дереу тоқтатылсын» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар