Болгарияда үкімет отставкаға кетті

Президент парламент сайлауына дейін уақытша үкімет тағайындайтын болады

68990
Болгарияда үкімет отставкаға кетті

Премьер-министр Пламен Орошарский үкіметтің отставкаға кету өтінішін кеше парламентке берді.
Орошарский Министрлер кеңесінің соңғы төтенше отырысынан кейін отставкаға кететінін мәлімдеді.
Парламентке табыс етілген отставка өтініші бүгін болатын отырыста дауысқа салынатын болады.
Премьер-министр Пламен Орошарский үкіметінің отставкасынан кейін президент Росен Плевнелиев елде 6 қазанда өткізуі жоспарланған мерзімімен бұрын сайлауға дейін уақытша үкімет тағайындайтын болады.
Плевнелиев құқықтары шектеулі үкімет кабинетінің жұмыс істеу жоспарын 6 тамызға дейін жариялайтынын мәлімдеді. Отставкаға кеткеніне қарамастан Орошарский үкіметі 5 тамызға дейін қызметін жалғастырады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар