Малайзия ұшағын кімдер атып түсіргені әлі белгісіз

Ұшақтың қара жәшіктері Ұлыбританияға жіберілді

68355
Малайзия ұшағын кімдер атып түсіргені әлі белгісіз

Украинада атып түсірілген Малайзия жолаушылар ұшағын кімдер және қалай атып түсіргені әлі белгісіз. АҚШ барлау комитеті Ресейдің оқиғамен тікелей қатысы болмаса да жікшілдерге берген көмегі арқылы бұл оқиғаның болуына әсер еткенін білдірді.
АҚШ ақпарат құралдарына мәлімдеме жасаған жоғары лауазымды барлау қызметкерлері ұшақтың Ресей жікшілдері тарапынан СА-11 зымыранымен қателесіп атып түсірілгені туралы болжам жасап отыр. Олар жікшілдер арасында болған сөйлесу нәтижесінде мұндай болжам жасап отырғандарын айтты.
Олар Ресей тікелей жауапты болмаса да, Мәскеудің жікшілдерге қару-жарақтар беріп, әскери жаттығудан өткізгеніне байланысты оқиғаға жанама да болса қатысы бар екенін білдірді.
Ұшақтың қара жәшігі Ұлыбританияға жіберілді. Тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін мәліметтер жарияланатын болады. Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Камерон ұшақ туралы Ресейдің қолында жеткілікті мәліметтер бар болуы мүмкін екенін айта келіп, бұл мәліметтердің жариялануын талап етті.
Алғашқы 50 мәйіт Харковь әуежайында өткізілген мерәсімнен кейін Голландияға жіберілді.
Кім екендері анықталғаннан кейін мәйіттер туыстарына табыс етіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар