Украинада құлатылған ұшақтың қара жәшіктері табыс етілді

Құлатылған ұшақтағы мәйіттер Голландияға жіберіледі

66504
Украинада құлатылған ұшақтың қара жәшіктері табыс етілді

Малайзия Украинаның шығысында атып түсірілген ұшақтағы мәйіттер мен қара жәшікті алу туралы Ресей жікшілдерімен келісімге келді.
Малайзия премьер-министрі Нежип Раззак Ресей жікшілдерімен шетелдік мамандардың оқиға болған аймаққа кедергісіз баруы мәселесінде де келісімге келгенін білдірді.
Ұшақтың қара жәшіктері Донецкте Малайзиялық мамандарға табыс етілді, қара жәшіктердің зардап көрмегені анықталды.
Келісім жасалғаннан кейін 282 адамның мәйіті қойылған екі пойыз Харковьке қарай жолға шықты.
Ішінде 6 малайзиялық маман да бар пойыздағы мәйіттер Харковьте Голландиялық мамандарға табыс етілетін болады.
Малайзия премьер-министрі мәйіттердің Харковьтен Голландиялық жүк ұшағымен Амстердамға жіберілетінін білдірді.
Украинада атып түсірілген ұшақта қаза тапқан 298 жолаушының 193-і Голландия азаматы еді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы қауіпсіздік комитеті Австралия тарапынан Украинада құлатылған ұшаққа байланысты ұсынылған қаулы жобасын бір ауыздан қабылдады.
Қаулыда қарулы топтардан халықаралық мамандардың аймаққа «қауіпсіз және кедергісіз» кіруіне жағдай жасалуы, оқиға болған жерде ешқандай өзгеріс болмауы талап етілген.
Ал Донецкте болса Украина әскерлері мен Ресей жікшілдері арасында шыққан қақтығыста 5 адам қаза тапты, 12 адам да жараланды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар